Жаңалықтар тізбегі
0

Президент қандай сый жасағанды ұнатады

Тоқаев, галстук, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2021 11:16 Сурет: видеодан алынған кадр
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзге ел басшыларына галстук сыйға тартқанды ұнатады, деп хабарлайды Zakon.kz

"Еуразия" бірінші арнасының "Айна" бағдарламасында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзге мемлекет басшылары берген сыйлықтар мен өзі тарту ететін сыйлықтар жайлы айтылды.

Ресми кездесулерден кейін сыйлық алмасу рәсімінде Тоқаев көбінесе галстук сыйлайды екен.

Жалпы, Президент галстук сыйлағанды жақсы көреді. Келген қонақтарға, сұхбат алған журналистерге үнемі сый көрсетеді. Сондай-ақ, өзгелерге сағат сыйлағанды ұнатады. ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли

Мемлекет басшысы да сый-құрметсіз қалған емес. Мәселен, монғол елінің басшысы арнайы күртеше сыйға тартқан. Оның өлшемі XXL, ал бағасы 29 мың теңгеге жуықтайды. Ал Түрікменстан президенті асыл тұқымды жылқы шаруашылығы кешеніне барған президентке арғымақтың тізгінін ұстатты. Ол – жай жылқы емес, түрікмендер мақтаныш ететін асылтұқымды Ақалтеке жылқысы. Қаз мойынды, қамыс құлақ, артық майды бойына дарытпайтын арғымақтар паңдықтың, тектіліктің нышанындай. Міне, сол арғымақты түрікмен елінің басшысы Қазақстан Президентіне мінгізді.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға іссапармен келгенде, қыран құстың мүсінін, өз елінде құрастыралатын шағын автобус (Volkswagen) тарту еткен. Қазір оны Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасы келген қонақтарды күтіп алып, шығарып салуға пайдаланып жүр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: