Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Еуропалық кеңестің төрағасымен бірге Қазақстандағы жағдайды талқылады

Әлеуметтік желі Сурет: Twitter/Qasym-Jomart Toqayev
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңестің төрағасы Шарль Мишельмен Қазақстандағы жағдайды талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter -дегі парақшасында жазды.

Шарль Мишельмен арада тұшымды әңгіме болды. Қазақстандағы жағдай туралы тың ақпараттармен алмастық. Біз бұрын-соңды болмаған агрессия актіге және мемлекеттілігімізге қол сұғушылыққа тап болып, конституциялық тәртіп пен заңдылықты қалпына келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылдадық. Қасым-Жомарт Тоқаев

10 қаңтарда Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысып, оның барысында Қазақстан тәуелсіздік тарихындағы ең ірі дағдарысты бастан өткергенін мәлімдеген еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз