Еліміздің бірнеше өңірінде төтенше жағдайдың күші жойылды
Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірнеше өңірінде төтенше жағдайдың күшін жою туралы жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев "Шығыс Қазақстан облысындағы, Қарағанды облысындағы, Түркістан облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы" жарлықтарға қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
"Төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын," – делінген.
Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тақырыпқа орай оқи отырыңыз
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript