Руслан Жақсылықов ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды

ҚР Қорғаныс министрі , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2022 15:28 Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
ҚР Президентінің Жарлығымен Руслан Жақсылықов ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалсын, – делінген Жарлықта.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Руслан Жақсылықов 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысының Қаскелең қаласында қызметшілер отбасында дүниеге келген.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

И.C.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі (1987)

"Командалық тактикалық" мамандығы

М. В. Фрунзе атындағы әскери академия (1996)

"Әскери барлаудың командалық-штабтық жедел-тактикалық" мамандығы

Ресей Федерациясы ҚК Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курстары (2004)

"Мемлекеттің әскери қауіпсіздігі" мамандығы

Еңбек өтілі:

  • Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары (2006-2007);

  • Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер Бас штабының бастығы ( 2007-2008);

  • Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің қолбасшысы (04.09.2008-01.2013);

  • Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшысы (01.2013-04.2014);

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы (04.2014-09.2021);

  • Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – ҚР Ұлттық ұланының Бас Қолбасшысы (09.2021 ж. бастап)

Сайланбалы қызметтері:

3-ші сайланған Шымкент қалалық мәслихатының депутаты (2003)

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

КСРО және Қазақстан Республикасының 14 медальдарымен марапатталған

Әскери қызмет, әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер:

Взвод командирінен құрама командиріне дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет өткерген (1987-2006);

Генерал-лейтенант (06.05.2014)

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: