Тоқаев келісімшарттарға қол сұғылмайтынына, жемқорлықпен күреске кепілдік берді
Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жаңа Қазақстанның мақсаты азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан экономикасы орнықтылығын көрсетті. Үкімет отандық, шетелдік инвесторлар мен сауда жөніндегі серіктестеріміздің сенімін арттыру үшін барлық қажетті шараны қабылдайды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) January 19, 2022Біз ұлттық экономиканың ашықтығына, келісім-шарттарға қол сұғылмайтынына, зияткерлік меншік құқығы сақталатынына және жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса беретініне кепілдік береміз.
Мемлекет басшысы жаңа Қазақстанның мақсаты азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс алшақтығын жою, жұмыс орындарын ашу және инфляцияны тежеу екенін баса атап өтті. Біздің барлық күш-жігеріміз миллиондаған қазақстандықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайының сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Біз ұлттық экономиканың ашықтығына, келісім-шарттарға қол сұғылмайтынына, зияткерлік меншік құқығы сақталатынына және жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса беретініне кепілдік береміз. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript