Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Әбдіжәміл Нұрпейісовтің жақындары мен туыстарына көңіл айтты

Жеделхат Сурет: Facebook/Берік Уәли
Мемлекет басшысы аса көрнекті қаламгер, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің дүниеден өтуіне байланысты марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Әбдіжәміл Кәрімұлының сұрапыл соғысты бастан кешкенін, елге оралған соң қазақ әдебиетін өркендетуге сүбелі үлес қосқанын атап өтті.

Ұзақ жылғы шығармашылық қызметі жемісті болды. «Қан мен тер» трилогиясы, «Соңғы парыз» дилогиясы сияқты туындылары сыншылар мен оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды. Заман жүгін көтерген романдары әлемнің көптеген тілдеріне аударылды. Әбдіжәміл Кәрімұлының жаңа белесті бағындырған қазақ әдебиетін шетелге танытуға сіңірген еңбегі орасан зор. Өмір бойы қолынан қаламы түскен жоқ. Қазақ елінің рухани-мәдени саласын дамыту жолында өлшеусіз қызмет атқарды. Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына әдеби мол мұра қалдырған Әбдіжәміл Кәрімұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Халқымыз есімін әрдайым ардақ тұтады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп Берік Уәли Президенттің жеделхаттағы сөзін келтіреді.

Кеше 98 жасқа қараған шағында классик жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің дүниеден озғаны туралы қаралы хабар тарады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: