Тоқаев Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық етуін тоқтататын заңға қол қойды
![Заң жобасы, "ҚР Тұңғыш Президенті туралы" заң, Конституциялық заң, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 17:26](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-becb4271-4301-4431-ab63-cedc95122235/800x450.webp)
Заңға енгізілген түзетуде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалығын жою көзделген.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңындағы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша әзірленетін бастамаларды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен — Елбасымен келісу туралы норманың да күші жойылды.
Жалпы алғанда, бұл заң арқылы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» және «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі туралы» конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Тақырып бойынша оқи отырыңыз: