Тоқаев Ноғаевқа телефон арқылы тапсырма берді

ҚР президенті, Маңғыстау облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2022 11:22 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен телефон арқылы сөйлесіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы ақпаратты президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісінде жариялады.

Президент Маңғыстау облысының әкімімен телефон арқылы сөйлесті. Нұрлан Ноғаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал жөнінде, сондай-ақ Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарында қарастырылған іс-шаралардың орындалу барысы туралы баяндады. Берік Уәли

Сондай-ақ баспасөз хатшысы әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты бірқатар нақты тапсырма бергенін хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: