Жаңалықтар тізбегі
0

Ақордада Украинадағы жағдай талқыланды

Ақорда, Украина, Қазақстан, ҚР президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2022 16:40 Сурет: akorda.kz
Ақордада мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиыны өтті. Онда Украинадағы жағдайларға байланысты Қазақстанның одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Президент премьер-министр Әлихан Смайыловтың, Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың, премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың және басқа да ведомство басшыларының баяндамаларын тыңдады.

Ақорда, Қазақстан, Украина, ҚР президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2022 16:40

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев әскери-саяси және санкциялық текетірестердің нәтижесінде ушығуы мүмкін халықаралық ахуалға шұғыл әрекет ету үшін дағдарысқа қарсы жедел шаралар жоспарын қабылдау қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы ықтимал экономикалық қауіп пен өзге де қатерлердің алдын алу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: