Жаңалықтар тізбегі
0

Президент Наурыз мерекесіне орай мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысты

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Наурыз, мемлекеттік награда, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2022 13:12 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы салтанатты жиынға қатысушыларды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, бұл мейрамның тарихы терең төл мерекеміз екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды.

Әз Наурыз табиғатты түлетіп, тіршілікке нәр береді, жаңару мен жаңғыруға үндейді. Мен күні кеше ғана халыққа Жолдауымды жариялап, Жаңа Қазақстанды құруға жол ашатын маңызды бастамалар ұсындым. Мұның бәрі – елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың заңды жалғасы. Біздің мақсатымыз – тиімді мемлекет және әділ қоғам құру. Сондай-ақ халқымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту. Ең бастысы, қастерлі Тәуелсіздігімізді қорғап, Қазақстанды мықты мемлекетке айналдыру.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, жолдау, Наурыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2022 13:12

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы қоғамның барлық саласында түбегейлі өзгеріс жасауға кірісе отырып, елімізді дамытудың мүлде жаңа кезеңіне қадам басатынымызға назар аударды. Оның пікірінше, Жаңа Қазақстан – абстракты идея емес, келешектің жарқын көрінісі.

Сіздердің әрқайсыларыңыз ынтымақ пен бірлік құндылықтарына адалдығын іс жүзінде дәлелдеген нағыз патриотсыздар. Өздеріңіздің қажырлы еңбектеріңізбен, көмек қолын созуға деген шынайы ниеттеріңізбен барша отандасымызға үлгі-өнеге көрсетесіздер. Біз Қазақстанды реформалау үдерісін бастадық. Жаңа мүмкіндіктер мен  дамуға ұмтылған Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР президенті, жолдау, мемлекеттік награда, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2022 13:12

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүгінде әрбір отандасымыз егемен елімізді өркендетуге өз үлесін қосуда. Халқымыз қашанда береке-бірлікке, ырыс-ынтымаққа баса мән берген, өзара жанашырлық пен қамқорлықты барынша дәріптеген.

Ел ішінде бейбіт күнде еңбегімен, қиын сәтте ерлігімен көзге түскен жандар аз емес. Кешегі дүрбелең кезінде қаншама азаматымыз жұртты сабырға шақырып, салиқалы сөз айтты. Олар өз басын қатерге тігіп, айналасындағы адамдарға көмектесті. Жауапты сәтте жұртына қорған болып, елдіктің нағыз үлгісін көрсетті. Осындай отаншыл тұлғаларымыз – жас ұрпаққа өнеге. Халқымыз «Ер – еңбегімен қадірлі» деп бекер айтпаған. Елге еңбегі сіңген жандарға Ұлыстың ұлы күнінде құрмет көрсетудің зор символдық мәні бар, – деді президент.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ілия Жақанов, мемлекеттік награда, Наурыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2022 13:12

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, Наурыз мерекесі қарсаңында бір топ қайраткерге мемлекеттік награда тапсыру жөнінде шешім қабылдағанын жеткізді. Сондай-ақ бұл іс-шараны осы мейрамға орай өткізу игі дәстүрге айналатынын айтты.  

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: