Президент Алматыда: Біз Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз
Сурет: Zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы «Астана» алаңында Наурыз мейрамына арналған мерекелік шараға қатысып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді. Ол «Астана» алаңындағы мерекелік сахнаға шығып, қазақ жұртын Наурыз мерекесімен құттықтады.
Ең әуелі баршаңызды әз-Наурыз мерекесімен, қасиетті күнмен құттықтаймын. Бұл –ежелден жақсылық пен жасампаздықты дәріптейтін ұлық мереке. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Сонымен қатар мемлекет басшысы мереке кезінде Алматыға келіп, тұрғындармен бірге болғанына қуанышты екенін айтты.
Құрметті алматылықтар, мереке күндері сүйікті қаламызда сіздермен бірге болғаныма қуаныштымын. Осынау қиын жылда Наурыз мерекесін әрқайсымыз ерекше үмітпен, жақсылыққа деген сеніммен қарсы аламыз. Қаңтарда біздің қала қарақшылар мен лаңкестердің ауыртпалығын өз мойнына алды. Жазықсыз адамдар өліп, жапа шекті. Қала инфрақұрылымына үлкен зиян келді. Бірақ алматылықтар мемлекеттігімізге бұрын-соңды болмаған қатер төнген кезде селт етпеді. Бүкіл ел болып сын сәтте бас қосты. Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы арқасында бұл сынақтан да өттік. Осы үшін сіздерге алғыс айтамын.Мемлекет басшысы
ҚР президенті алматылықтар мен барша қазақстандықтарды «Жаңа Қазақстанды» бірге құруға шақырды.
Алдымызда ауқымды реформалар, Жаңа Қазақстанның құрылысы тұр. Сіздермен, жастармен бірге біз міндетті түрде жаңа елді, жаңа Қазақстанды, екінші республиканы саламыз. Біздің қолымыздан келеді! Қасым-Жомарт Тоқаев
Айта кетейік, 21 наурыз күні мемлекет басшысы Алматыдағы мерекелік шараға қатысатыны туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлаған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript