Қазақстанда ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасының штат саны қысқартылды

ҚР Тұңғыш президентінің кітапханасы, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2022 17:28 Сурет: akorda.kz
2022 жылғы 17 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұрын қабылданған жарлықтарға өзгерістер енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасының штаттық саны 140-тан 110 адамға дейін қысқартылды.

Керісінше Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің штат саны ұлғайтылды. Бұрын 267 адам тіркелген болса, қазір штат саны 352 адамға артты.

Сондай-ақ жаңа редакцияда мына мәселе қамтылған:

  • Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереже.

  • Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ереже.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: