Тоқаев Сенат төрағасын қабылдады

Сенат, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2022 19:18 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің құрылғанына 30 жыл толуына орай Алматыда өткен мерейтойлық жиынның қорытындылары туралы баяндалды, делінген Ақорда хабарламасында.

Сенат төрағасы Мемлекет басшысына биыл қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне дайындық жұмыстары туралы мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі кезеңде заманымыздың ең өзекті мәселелері бойынша сындарлы диалогты қамтамасыз ететін қазақстандық форумға әмбебап әрі жаһандық дінаралық диалог алаңы мәртебесін алу маңызды міндет екенін атап өтті.

Мәулен Әшімбаев палатаның Қазақстан халқына Жолдаудағы негізгі бағыттарды жүзеге асыру жөніндегі заң шығару жұмыстары туралы айтты.

Мемлекет басшысы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды заңнамалық тұрғыда сапалы қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар Сенат спикері депутаттардың өңірлерге сапарларының қорытындылары туралы ақпарат берді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: