Тоқаевқа үш қалада 5G технологиясының сынақтан сәтті өткізілгені баяндалды

ІТ саласы бойынша есеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2022 20:11 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің былтырғы атқарған жұмыстарының қорытындылары, цифрландыру және IT саласының даму перспективалары жөнінде, сондай-ақ телекоммуникация бағытындағы жұмыстың сапасын арттыруға қатысты Президент тапсырмаларының жүзеге асырылуы туралы есеп берілді, делінген Ақорда сайтында жарияланған хабарламада.

Министрдің айтуынша, адам мүддесіне қызмет ететін сервистерді енгізу аясында ең қажетті деген 18 құжат жеке деректерді қорғау шараларын міндетті түрде сақтай отырып, платформаны танымал ету арқылы цифрлық форматқа ауыстырылған.

Бұдан бөлек Бағдат Мусин Қасым-Жомарт Тоқаевқа «цифрлық теңсіздікті» жою, интернетпен қамтамасыз етуге және оның сапасына қатысты бақылау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы да есеп берді. Былтыр 628 елді мекенде Интернет сапасы жақсартылса, биыл тағы да 140 ауылда осындай жұмыстар жүргізілмек.

Президентке мобильді операторлардың Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 5G технологиясының сынақтан сәтті өткізілгені туралы баяндалды. 2022 жылы республикалық маңызы бар қалаларда коммерциялық мақсатта іске қосу жоспарланып отыр, делінген хабарламада.

Сонымен қатар министр телекоммуникация нарығын одан әрі дамыту жоспарын ұсынды. Атап айтқанда, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының компаниялар тобын монополиядан арылту жұмыстары жүргізіледі, бәсекелестік ортаны жақсартуға бағытталған бірқатар заңнамалық бастама қабылданбақ.

Бағдат Мусин Президентке Қазақстанды цифрландыру аясында энергетика, жер қойнауын пайдалану, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жерді қашықтан зонттау спутниктерін пайдалана отырып, су және жер ресурстарын мониторингтеу саласындағы бірқатар стратегиялық жоба туралы баяндады.

IT саласын дамытуға баса мән берілді. Astana Hub технопаркінің жұмысы, соның ішінде шетелдік IT компанияларды Қазақстанға әкелу туралы айтылды.

Президент отандық IT секторды қолдауға бағытталған нақты шаралар әзірлеуге және халықаралық нарықта жетістікке жеткен шетелдік IT компанияларға көмек көрсетуді тапсырды.

Кездесу барысында министр «ҰАТ» акционерлік қоғамының ресурстары негізінде осындай жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі бар отандық IT компаниялардың сарапшыларын тарта отырып, цифрландыру платформасын құруды ұсынды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: