Президент Қазақстанның Моңғолиядағы және Қытайдағы елшілерін тағайындады

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2022 11:36 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Моңғолиядағы және Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарлық Ақордада жарияланды.

Мемлекет басшысының жарлығымен:

Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, – делінген Ақордадағы құжатта.
Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, – делінген құжатта.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жалғас Жұмаұлы Әділбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, – делінген құжатта.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: