26 сәуірде «АМАNАТ» партиясының кезектен тыс съезі өтеді

Аманат партиясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2022 13:21 Сурет: amanat.kz
Бүгін «АМАNАТ» партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 26 сәуірде кезектен тыс XXIII съезін шақыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook парақшасында хабарлады.

Бүгін «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII Съезді шақыру туралы шешім қабылдады, – делінген хабарламада.

Оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады.

Съезд барысында «ADAL» саяси партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарланып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: