Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Ботаникалық бақта көшет отырғызды

Сенбілік, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2022 12:42 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыреспубликалық сенбілікке қатысты. Мемлекет басшысы Қазақстан болашақта жасыл елге айналуы керек деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 сәуірде Мемлекет басшысы «Бірге – таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының аясында Ботаникалық бақта көшет отырғызып, қалалық сенбілікке қатысты, делінген Ақорда хабарламасында.

Іс-шараға Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, эко-волонтерлер, сондай-ақ, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері қатысты.

Сенбілік барысында Президент эковолонтерлермен және жастар кадрлық резервінің мүшелерімен әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатқа, жалпы экологияға ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы айтты.

«Бірге – таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2022 12:42

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан болашақта жасыл елге айналуы керек деп санайды. «Тал дегеніміз – қасиетті ұғым. Біз тал-теректерді, табиғатты қорғауымыз керек», – деді Президент.

Баршаңызға алғыс айтамын. Сіздер Қазақстанның болашағысыздар. Жаңа Қазақстанды ел болып, ұлт болып, мемлекет болып, бәріміз бірге құруға кірісуіміз қажет. Аманшылық болса, Екінші республиканы өркендетеміз. Жалпы келешегіміз жақсы, айқын, жарқын болатынына ешқандай күмәнім жоқ. Мемлекетіміздің болашағы жастардың қолында. Мен сіздерге сенемін. Қасым-Жомарт Тоқаев

Еріктілер мен Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері экологиялық мәселелер мен бастамаларға үнемі қолдау білдіретіні үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

Акцияға қатысқандар 15 түп жөке және 35 түп емен көшетін екті.

Нұр-Сұлтандағы сенбілік, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2022 12:42

Сурет: akorda.kz

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: