Мемлекет басшысы Ассамблея атынан ұсынылатын мәжіліс депутатын сайлауға қатысты

Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан президенті, сайлау, мәжіліс, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2022 12:56 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ сессиясы аясында ҚР парламенті мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына ҚХА атынан ұсынылатын депутатты сайлауға қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты ақпарат таратты.

Президент дауыс бергеннен кейін депутаттыққа үміткерлердің сенімді өкілдерімен әңгімелесті. Мемлекет басшысы алдағы уақытта Конституцияға өзгеріс енгізілетіндіктен мұндай форматтағы сайлау соңғы рет өтіп жатқанын атап өтті.

Бірақ біздің парламентте Қазақстан халқы Ассамблеясының тиісті орындары сақталады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Конституцияға өзгертулер енгізуді ұсынған болатын. Осы ретте ҚХА квотасы мәжілістен сенатқа ауыстырылып, депутаттар саны 9-дан 5-ке дейін қысқарады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: