Әлихан Байменов Тоқаевқа мемлекеттік басқарудағы жаһандық үдерістер туралы мәлімет берді

Тоқаев пен Байменов, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2022 14:25 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Байменовты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов мемлекеттік басқарудағы жаһандық үдерістер туралы мәлімет берді.

Сонымен қатар Президенттің мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту туралы Жарлығын жүзеге асырудың тиімді жолдары талқыланды. Саладағы жемқорлықпен күрес тәсілдерін және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен кәсібилігін үздіксіз дамытып отыру жайында пікір алмасты.

Кездесуде мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік аппараттың жұмысын жетілдіруде халықаралық ынтымақтастықтың маңызды екені айтылды. Сонымен қатар үздік халықаралық тәжірибелерді електен өткізіп, мемлекеттік аппарат жұмысына пайдалану қажет екені атап өтілді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: