Тоқаев Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтады
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы сұрапыл соғыста халқымыз күш-жігерін сарп етіп, орасан зор шығынға ұшырағанын, майдангерлердің қаһармандығы мен қайсарлығының, тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында жеңіске жеткендігімізді тағы бір мәрте еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент 9 мамырдың төл тарихымыздағы орны ерекше екенін атап өтті.
Бұл – жанқиярлықпен ел қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің, әжелеріміз бен аналарымыздың рухына тағзым ететін күн. Бұл – фашизмді жеңген ерлердің ерен ерлігін жадымызда жаңғыртатын күн. Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы сұрапыл соғыста халқымыз күш-жігерін сарп етіп, орасан зор шығынға ұшырағанын, майдангерлердің қаһармандығы мен қайсарлығының, тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында жеңіске жеткендігімізді тағы бір мәрте еске салды. Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды мәңгі есте сақтау – қасиетті борышымыз.
Өкінішке қарай, қан майданның қияметін басынан өткерген ардақты аға буынның қатары жыл өткен сайын сирей түсуде. Қазақстанда Жеңістің 77 жылдығын небәрі 376 ардагер, 68 347 тыл еңбеккері ғана қарсы алып отыр. Еліміздің барша азаматтары өздеріңізге бас иеді.Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы соғыс ардагерлеріне мемлекет жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқанын, олар қоғамымыздың да құрметін көріп, қамқорлығына бөленуге тиіс екенін атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript