Президент Әкімшілігінің басшылығы Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Рақымжан Қошқарбаев ескерткіші, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2022 16:30 Сурет: akorda.kz
Қызыл Армия офицері, Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев Берлинді басып алу кезінде Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып ту тіккен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Әкімшілігінің басшылығы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшылығы Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен қазақ халқының ұлы перзенті, «Халық Қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойып, қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Салтанатты шараға Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу мен Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева қатысты.

Арнайы рәсім, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2022 16:30

Сурет: akorda.kz

Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы дүниеге келген. 1942 жылдан бастап Қызыл Армия қатарында болып, 1944 жылы майданға аттанған. 1945 жылы 29 сәуірдегі шайқаста Қошқарбаевтың взводы Шпре өзенінен алғашқылардың бірі болып өтті. 1945 жылы 30 сәуірде лейтенант Рейхстагқа Жеңіс туын тікті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: