Тоқаев Түркияға барды

Қазақстан президенті, Түркия, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2022 14:36 Сурет: Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапарын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркия астанасы «Есенбоға» халықаралық әуежайында Қазақстан президентін Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да бірқатар ресми тұлғалар күтіп алды.

Мемлекет басшысы Анкарадағы екі күндік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, түркиялық ірі бизнес өкілдерімен өтетін бизнес форумға қатысуы жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: