Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: Мақсатым – халқыма мейлінше еркіндік беру

Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2022 15:37 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркия бизнес өкілдерінің басқосуына қатысты. Жиында президент іскерлік топтарға Жаңа Қазақстанды құруға кіріскенін айтып, саяси жүйені толық жаңғыртатынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Суперпрезиденттік» басқарудан мықты Парламенті бар президенттік республика жүйесіне біртіндеп өтетінін айтты.

5 маусымда жалпыхалықтық референдум өткізіледі. Конституциямыздың 33 бабына түзетулер енгізіледі. Менің мақсатым – халқыма мейлінше еркіндік беру, демократия мен заң үстемдігін күшейту. Президент ретінде ешқандай артықшылықтар мен жеңілдіктерге құмар емеспін. Мұндайды қаламаймын.Мемлекет басшысы

Сонымен бірге Президент ұлттық экономика түбегейлі жаңғыртылатынын жеткізді.

Оны әділ бәсеке орнату, жекеменшікті қорғау, монополиядан арылту арқылы жүзеге асырамыз. Осының бәрі еліміздегі саяси тұрақтылықты нығайта түседі. Сонымен қатар бизнестің мүддесі мен құқын қорғауға ықпал етеді. Ең бастысы, шетелдік инвесторлар үшін экономикалық мүмкіндіктерді барынша кеңейтеді. Бір сөзбен айтқанда, алдымыздан ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі ашылады. Бұл Түркияның ірі холдингтеріне, компанияларына ғана емес, шағын және орта бизнес өкілдеріне де мүмкіндік береді.Қасым-Жомарт Тоқаев

Сонымен қатар мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде осы іс-шараға еліміздің шынайы досы, Түркияның Вице-президенті Фуат Октай мырзаның арнайы келіп отырғанын айтып, оған өз ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы Қазақстан үшін Түркияның бауырлас ел әрі маңызды стратегиялық серіктес, сондай-ақ ең ірі сыртқы экономикалық әріптесіміздің бірі екенін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: