Президент Ақордада отандық бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп жатыр

Ақорда, отырыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2022 18:37 Сурет: akorda.kz
Бұл шараға Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің басшылығы, құқық қорғау органдары мен бақылау-қадағалау функциясы бар мемлекеттік органдардың жетекшілері де шақырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өткен жолғы басқосуда өзара пікір алмасып, жаңа ұстанымдарды айқындадық. Бірлесе жұмыс істеудің жолдарын нақтыладық. Мен бірқатар тапсырма бердім. Төрт ай деген аса көп уақыт емес. Бірақ осы аралықта ел ішінде және әлемде талай нәрсе өзгерді. Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Түптеп келгенде келешегіміз экономиканың мықты болуына байланысты. Осы орайда кәсіпкерлеріміз мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Күн тәртібінде бизнестің құқығын қорғау, кәсіпкерлердің жаңа экономикалық саясатты іске асыруға атсалысу, шағын және орта бизнеске жүйелі қолдау көрсету мәселелері қарастырылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент нақты шешімдер қабылдайды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: