Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Дүниежүзілік экономикалық форумда сөз сөйледі

Бейнеүндеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2022 21:38 Сурет: akorda.kz
Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығы ұйымдастырған дөңгелек үстел қатысушыларына бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz. 

Мемлекет басшысы өз үндеуінде әлемдік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, COVID-19 пандемиясына қатысты жағдай мен Украинадағы оқиғалар әлемдік экономиканың бөлшектенуіне түрткі болды. Бұл Еуразия құрлығында жаңа геосаяси сынаққа алып келді, делінген Ақорда хабарламасында.

Президент пандемияға қарсы күрес аясында денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге, шағын және орта бизнесті, инфрақұрылымдық жобаларды қолдауға қатысты мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы айтты. 

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев форумның қатысушыларына елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси-экономикалық реформалар жөнінде, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін алдағы республикалық референдумға дайындық барысы туралы жан-жақты мәлімет берді. 

Мемлекет басшысы қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік және корпоративтік басқару (ESG) салаларындағы мақсаттарды жүзеге асыруға Қазақстанның бейілді екенін атап өтті. 

Президент еліміздің әлемдік нарықтарға тауарларды, шикізатты және ауыл шаруашылығы өнімдерін үздіксіз жеткізу ісін қамтамасыз етуде сенімді серіктес болып қала беретінін мәлімдеді. 

«Жасыл» экономиканы дамыту, энергетиканың тиімділігін арттыру және жаңартылатын энергия секторын өркендету біздің Көміртегін төмендету жөніндегі стратегиямыздың басымдықтары саналады.  Бұл 2060 жылға қарай қалдықтарды мүлде жоюға оңтайлы жол ашады», – деді Қазақстан Президенті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында Қазақстанның адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы халықаралық міндеттемелер мен қағидаттарға адал екенін атап өтті. 

Дөңгелек үстелге ірі жаһандық инвестициялық компаниялардың, коммерциялық емес сектордың және халықаралық БАҚ өкілдері қатысты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: