Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен келді

ҚР президенті, Алматы, Балаларды қорғау күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2022 12:28 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат президенттің баспасөз қызметінің телеграм-арнасында жарияланды.

Президент ертең, 1 маусымда Балаларды қорғау күніне арналған шараға және Ұлттық ғылым академиясында өтетін салтанатты жиынға қатысады, – делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ғылыми мекемені, оқу орындарын аралап көреді және жеке кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: