Қазір Академия Ғылым туралы ұлттық баяндама әзірлеумен ғана шектеліп отыр – Тоқаев
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөз сөйлеп, ғылым ордасының қазіргі қызметіне баға берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазір Академия Ғылым туралы ұлттық баяндама әзірлеумен ғана шектеліп отыр. Сондай-ақ, салалық журналдар шығарады. Бар болғаны – осы.Қасым-Жомарт Тоқаев
Ғылым академиясының бүгінгі тыныс-тіршілігін сынға алған президент оның әлеуеті және мүмкіндігі әлдеқайда зор екенін атап өтті.
Бүгінгі ахуалына қарап, Академияның болашағы бұлыңғыр деп санайтындар, өкінішке қарай, аз емес. Тіпті, академиктердің өздері де оған күмәнмен қарайды. Қасым-Жомарт Тоқаев
Біз түрлі жағдайға байланысты бір кезде өзгеше жолды таңдауға мәжбүр болдық. Ұлттық ғылым академиясы көптеген қоғамдық ұйымның қатарына қосылып кетті. Салдары қандай болғанын қазір көріп отырмыз. Дегенмен, оның кадрлық және институттық әлеуеті әлі де жоғары. Өмір бір орында тұрған жоқ. Күн санап өзгеріп жатқан қазіргі заманда бұрынғы жетістіктерге марқайып отыруға болмайды.Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript