Тоқаев мәслихат депутаттарының әкімдерді тағайындауға келісім беру ережесін бекітті
Сурет: Zakon.kz
Президент облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабына сәйкес қаулы етемін: Қоса беріліп отырған Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидалары бекітілсін, – делінген Ақордадағы президент жарлығында.
Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript