Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлытауда Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы басталды

Ұлытау, Ұлттық құрылтай, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2022 15:14 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлытауда Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы алғысөзінде Ұлттық құрылтайдың ашылуымен құттықтап, референдумның табысты өткенін тілге тиек етті.

Біз бүгін жалпыұлттық референдумнан кейін алғаш рет бас қосып отырмыз. Ата заңға өзгерістер енгізуге арналған референдум табысты өтті. Азаматтарымыз дауыс беруге белсене қатысты. Отбасымен бірге барып, ел болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетті. Шынайы өзгеріске және жан-жақты жаңғыруға деген ұмтылысын білдірді. Келешегіміздің жарқын боларына үміті және сенімі зор екенін байқатты. Еліміз ертеңгі күнге мызғымас бірлікпен қадам басуға дайын екенін анық аңғартты.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Ұлттық құрылтай шақыруға не себеп болғанын айтты.

Жаңа Қазақстан бір күнде немесе бір жылда құрылмайтыны анық. Бұл – бүкіл қоғамды өзгертетін күрделі әрі ұзақ үдеріс. Мұны жүзеге асыру үшін бір ғана билік әрекет етсе, бұл, әрине, жеткіліксіз. Бүкіл ел болып жұмылсақ, көздеген мақсатымызға жетеміз. Сол себепті, мен Жолдауымда Ұлттық құрылтай шақыру туралы бастама көтердім.Қасым-Жомарт Тоқаев

Құрылтай шақыру ата дәстүріміз екенін айтқан мемлекет басшысы төл тарихымызда ұлт тағдырын шешкен құрылтайлар болғанын, «Талас құрылтайынан кейін Алтын Орда дербес мемлекет болғанын, Қарақұм және Ордабасы құрылтайлары жұртымызды ел қорғауға ұйыстырғанын, Орынбордағы бірінші қазақ құрылтайында Алаш партиясы құрылғанын, екінші құрылтайда Алаш автономиясы жарияланғанын» атап өтті.

Бабаларымыз маңызды мәселелерді осындай алқалы жиында талқылаған. Халық өзара ақылдаса отырып, бір тоқтамға келген. Мұндай шешімдер бүкіл елді біріктірген.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: