Ерлан Тұрғымбаев президент кеңесшісі лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды, – делінген Ақорда хабарламасында.
Ерлан Тұрғымбаев еңбек жолын 1984 жылы Қарағанды облысы Саран қалалық атқару комитетінің ішкі істер бөлімі қылмыстық іздестіру жедел уәкілі лауазымынан бастады.
1986 жылдан бастап 2000 жылға дейін – Алатау және Калинин АІІБ-ның жедел-тергеу бөліністерінде, сондай-ақ Алматы қаласының ҚІІД-де әртүрлі басқарушы лауазымдарды атқарған.
2000 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Тоғызыншы департаменті және Криминалдық полиция департаментінің бастығы.
2003 жылғы сәуірден бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы.
2006 жылғы мамырдан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы.
2006 жылғы шілдеден бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы.
2012 жылғы желтоқсаннан бастап – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.
12 ақпан 2019 жыл — 25 ақпан 2022 жыл — Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.
25 ақпан 2022 жыл — Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.