Болат Ақшолақов Президенттің кеңесшісі лауазымынан босатылды

Болат Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорда 13 ақпанда хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды", – деп жазылған ресми ақпаратта.
Ол бұл қызметті 2023 жылдың 4 сәуірінен бастап атқарып келеді.
13 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бір бұйрықпен Мағзұм Мырзағалиевті президенттің кеңесшісі етіп тағайындады. Сонымен қатар, мемлекет басшысының өкімімен Рустам Баялиев Президент Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript