Жаңалықтар тізбегі
0

Қанат Бозымбаев президенттің кеңесшісі болды

ҚР Президентінің кеңесшісі Сурет: gov.kz
Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қанат Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (экономист) бітірген.

1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімінің көмекшісі болды.

2001-2007 жылдары – "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының президенті.

2009-2013 жылдары – Жамбыл облысының әкімі.

2013-2016 жылдары – Павлодар облысының әкімі.

Ол 2016-2019 жылдар аралығында Энергетика министрлігін де басқарды.

2019-2021 жылдары Қазақстан президентінің көмекшісі болды.

2021-2022 жылдары – Алматы облысының әкімі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз