Жаңалықтар тізбегі
0

Путин Қазақстанмен стратегиялық ынтымақтастық туралы айтты

Ресей, Қазақстан, Сочи, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2022 20:18 Сурет: akorda.kz
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа шақыруын қабыл алып, Сочиге келгеніне алғысын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шақыруымды қабыл алғаныңызға рахмет. Біз екеуіміз үнемі кездесіп тұрамыз. Жақында ғана жүздескен едік, бірақ біз Сочиде кездесуге келістік. Алдымызда өте ауқымды жұмыс бар. Ал биылғы жыл ерекше. Біз қазан айында дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығын атап өтеміз. Осы датаға орай түрлі іс-шаралар жоспарланып отыр. Біздің министрліктер мен ведомстволар белсенді жұмыс істеп жатыр. Үкіметаралық комиссия қарқынды жұмыс істеп келеді.Ресей президенті Владимир Путин

Ол сыртқы істер, қорғаныс министрліктері бірлесіп түрлі іс-шараларды, соның ішінде ҰҚШҰ аясындағы бірлескен оқу-жаттығуларды және тағы басқа шаралар әзірлеп жатқанын тілге тиек етті.

Тауар айналымы өсіп келеді. Былтыр 34,4 пайызға өссе, биыл бес айда 9 пайызға дерлік, 8,8 пайызға өсті. Инвестициялар екі жақтан да артып келеді. Меніңше, Ресей инвестициясы 18 миллиард долларға жетті, ал Қазақстанның Ресейге инвестиция төрт жарым миллиард шамасында, - деді Ресей президенті.

Путин Қазақстанның сауда-экономикалық серіктестері арасында Ресей бірінші орында келе жатқанын баса айтты.

Біз сондай-ақ жақсы ірі жобаларды әзірлеп жатырмыз. Жоғары технологиялық салаларда, соның ішінде ғарыш саласында жұмыс істейміз. Жалпы, жұмыс барлық бағыттар бойынша айтарлықтай қарқынды әрі оң бағытта жүріп жатыр. Біздің кездесуіміз, әрине, біздің сенімді стратегиялық серіктестігімізді дамытуға қосымша серпін беретініне өте қуаныштымын, – деді Путин.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: