Президент Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесті

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2022 17:11 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы ҚР президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшелері Серік Ақылбай мен Сергей Худяковты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуде gрезидент "Қазақстан заңгерлер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбаймен отандық құқық жүйесін дамытудың кейбір аспектілерін талқылады.

Ұлттық құрылтай мүшесі Мемлекет басшысына еліміздегі реформалар аясында  азаматтардың құқықтық сауатын арттыру туралы ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың мүшесі,  Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің өкілі, "Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институты" жекеше мекемесінің директоры Сергей Худяковты қабылдады.

Жүздесуде тұрғын үй саясаты мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныс айтылды. Сонымен қатар Сергей Худяков қоғамдық бірлікті нығайту жөнінде көзқарасын білдірді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: