Президент "АрселорМиттал" компаниясының атқарушы төрағасы Лакшми Митталды қабылдады

Президент, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2022 17:57 Сурет: akorda.kz
Кездесуде "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының Қазақстандағы қызметінің өзекті мәселелері мен алдағы уақытқа арналған жоспары талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сонымен қатар өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жергілікті тұрғындарға әділ еңбекақы төлеу, әлеуметтік міндеттемелерді орындау және материалдық-техникалық базаны жаңғырту мәселелері туралы айтылды.

Мемлекет басшысы компанияның аталған талаптар мен міндеттемелерді орындауы аса маңызды екенін айтты. Президент ішкі нарықтың қажеттілігін "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының өнімдерімен өтеу мәселесіне мән берді.

Бұдан бөлек компанияның парниктік газ шығарындыларын азайту шараларына да назар аударылды.

Лакшми Миттал Қасым-Жомарт Тоқаевқа жуық арада "АрселорМиттал" компаниясы Қазақстанға 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция құятынын, оның басым бөлігі өндірісті жаңғыртуға бағытталатынын жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: