Тоқаев Си Цзиньпинді "Алтын Қыран" орденімен марапаттады

Тоқаев наградтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2022 18:30 Сурет: akorda.kz
Президент екі ел арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуға және дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – "Алтын Қыран" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Ол Қытай Төрағасына шақыруын қабыл алып, елімізге мемлекеттік сапармен келгеніне ризашылығын білдірді.

24 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті "Алтын Қыран" орденімен марапаттаған еді.

29 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовке "Алтын Қыран" орденін табыстады. Ал 24 шілдеде мемлекет басшысы Сауд Арабиясының королін осы орденмен марапаттады.

"Алтын Қыран" ордені – Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы. Ол азаматтарға Қазақстан Республикасына айрықша мемлекеттік қызметтері үшін беріледі. "Алтын Қыран" орденімен марапаттауға үміткерлерді Қазақстан президенті айқындайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: