Жаңалықтар тізбегі
0

Самарқанда ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысы басталды

отырыс Сурет: akorda.kz
Самарқандағы "Конгресс орталығында" ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шағын құрамдағы саммиті өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саммит отырысының басталғаны туралы Ақорданың Telegram-lдағы арнасы жариялады.

Сонымен қатар Қазақстан президентінің баспасөз қызметі шағын құрамдағы отырыс басталар алдында ШЫҰ елдері басшыларының бейресми сұхбаттасқанын хабарлады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қыркүйекте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Самарқанға келді.

Кейін мемлекет басшысы мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары "Жібек жолы" туристік орталығына ағаш егіп, "Мәңгілік қала" кешенін аралап, бейресми әңгіме өткізді.

16 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мемлекет басшылары кеңесінің отырысы өтетін "Конгресс-орталыққа" келді. Мемлекет басшысын Шавкат Мирзиеев жылы қарсы алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: