Тоқаев Австралияның бұрынғы премьер-министрімен кездесті

Кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2022 22:15 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Австралияның бұрынғы Премьер-министрі, Asia Society талдау орталығының президенті Кевин Раддпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әңгімелесу барысында қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері, оның ішінде жаһандық саясат пен экономика мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі ең ірі S&P Global қаржылық-талдау компаниясының вице-президенті Дэниэл Ергинмен кездесті.

Сурет:

Кездесу барысында энергетикалық қауіпсіздік саласының өзекті мәселелері мен еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру шаралары қарастырылды.

Алдында Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тағы жаһандық қаржы институттары басшыларымен бірқатар кездесу өткізген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: