Тоқаев Иордания королі ІІ Абдалламен әңгімелесті
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясы пленарлық отырысының алдында Иордания Королі ІІ Абдалламен әңгімелесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркте жұмыс сапарымен жүр.
Бүгін, 20 қыркүйекте Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясының Жалпы дебатының ашылуына қатысып жатыр.
Бұған дейін Тоқаев АҚШ-та жаһандық қаржы институттарының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізген болатын.
Сонымен қатар, ол IT-қауымдастық өкілдерімен және Microsoft-тың Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша бас менеджері Мишель Симмонспен кездесті. Олар компанияның Қазақстандағы перспективаларын, соның ішінде IT-зертхананы ашу, IT-мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру сынды жоспарларын талқылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript