Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев: Әлем жаңа әскери шиеленістердің құрбанына айналып отыр

БҰҰ-дағы сөзі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2022 22:50 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясының Жалпы дебатында сөйлеген сөзінде бұл кездесу адамзат үшін өте маңызды сындарлы уақытта өткізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, әлем жаңа геосаяси кезеңге аяқ басты. Жаңа, неғұрлым ыдыраңқы және сөзбен жеткізу қиын халықаралық жүйенің дәуірі келіп жетті. Тежеп ұстау мен арасалмақты сақтау жаһандық жүйесі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтай алмауда. Қауіпсіздік сәулеті қирай бастады. Жаһандық державалар арасындағы өзара сенімсіздік қауіпті түрде тереңдеп барады. Әлем жаңа әскери шиеленістердің құрбанына айналып отыр.

Екі бірдей буын өмірінде алғаш рет біз ядролық қаруды қолдану перспективасымен бетпе-бет келіп отырмыз. Жаңа ақаулар сызаты жасанды кедергілер мен экономикалық оқшаулауды тудырады. Экономикалық және саяси санкциялар жаңа нормаға айналды. Ол азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жеткізу жүйесін бұзып, миллиондаған, әсіресе осал қауымдарға қауіп төндіруде. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: