Қаржы министрлігі президент сайлауы үшін сұралған соманы бекітті

сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2022 13:30 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына 20,5 млрд теңге жұмсалатынын премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет отырысында журналистер Ерұлан Жамаубаевтан "Орталық сайлау комиссиясының президент сайлауына 20,5 миллиард теңге бөлу туралы өтінішін Қаржы министрлігі қанағаттандырды ма?" деп сұрады.

Иә, мен мақұлдадым, – деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев.

Қаржы үкімет резервінен бөлінеді.

22 қыркүйекте ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина президент сайлауын өткізуге қажет сома неліктен өскенін түсіндірген еді.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: