Тоқаев еліміз цифрлық "Көрінбейтін үкіметке" көшетінін мәлімдеді
Сурет: Telegram/БОРТN1
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge 2022 халықаралық технологиялық форумында сөйлеген сөзінде Government to citizens, яғни азаматтарға қызмет көрсету саласы маңызды басымдықтардың бірі екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы цифрландырудың жаңа форматына көшу туралы мәлімдеді.
Цифрлық технологиялардың көмегімен біз азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетіп, барлығына тең мүмкіндіктерге қол жеткізуді көздеп отырмыз. Ол үшін мемлекеттік басқаруды цифрландырудың сапалы жаңа форматы – "Invisible Government" ("Көрінбейтін үкімет") форматына көшу қажет.Қасым-Жомарт Тоқаев
Оның мәні, президент түсіндіргендей, мемлекеттік саясаттың басты бағыты адамға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне бағытталған.
Мемлекет қабылдаған шаралар мен шешімдердің кең ауқымы азаматқа көрінбейді, азамат нақты нәтижені ғана көреді.Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұдан бұрын хабарланғандай, 28 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Digital Bridge 2022 халықаралық технологиялық форумына қатысатыны белгілі болған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript