Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge халықаралық технологиялық форумына қатысты
Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев стартап аллеясындағы әрбір жобаға арнайы тоқталып, компания өкілдерінің жетістіктерін тыңдады. Олардың бірқатары тек Қазақстан нарығымен шектелмей, шетел нарығына да шыға бастаған.ҚР президентінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысына, атап айтқанда, аймақтық авиакомпанияларға арналған Farel авиациялық софттың жаңа буыны, Arbuz интернет супермаркеті, Zyplai жасанды интеллект зауыты, UvU Ridesharing балалар мен әйелдерге арналған қауіпсіз тасымалдау қызметі, Parqour ақылды тұрақ қызметі, сloud-есептеулерді жеңілдететін FIBO Cloud қызметі және Intebix криптобиржасы секілді стартаптар таныстырылды.
Сурет: akorda.kz
Сонымен қатар мемлекет басшысына Blockchair, Playrix, EPAM, inDriver халықаралық IT-компанияларын Қазақстанға тарту және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру нәтижелері туралы баяндалды. ҚР президентінің баспасөз қызметі
Атап айтқанда, Астана қаласының геоаналитикалық платформасы, E-gov денсаулық, Әлеуметтік әмиян және отбасының цифрлық картасы, Vet Mobile, E-Salyq Business, Жер телімдерін сату және жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді тіркеу жөніндегі онлайн аукцион сияқты цифрлық шешімдер мен KazNedra жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы жөнінде сөз болды.