Жаңалықтар тізбегі
0

Президент: Сайлау жарияланған соң кибершабуылдар күшейді

Қазнет, кибершабуыл, сайлау, ҚР президентін сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2022 12:33 Сурет: pexels
Соңғы кезде Қазнетке кибершабуыл жасау жиілеп кетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, кибершабуылдың күшеюіне елде басталған сайлау науқаны себеп болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сайлау жарияланғаннан кейін түрлі жалған деректер, ақпарат, яғни фейктер таратылып, кибершабуылдар күшейді. Президент "бұл жайдан жай емес" деп есептейді.

Кейбір күштер шетелден осындай әрекеттерді ұйымдастырып, ел ішіне іріткі салуды көздейді. Олар Қазақстанда оң өзгерістерге кедергі жасағысы келеді. Бірақ біз бағытымыздан таймаймыз, – деді президент Абай облысының халқымен кездесуінде.

Әрбір саясаткер, қоғам қайраткері, журналист, блогер немесе жалпы азаматтар сөзі мен әрекетінің жауапкершілігін сезінуге тиіс. Мемлекет басшысы "қазір әр ісіміз мемлекет мүддесіне сай болуы қажет" екенін баса айтты.

Өкінішке қарай, ашығын айту керек, шетелде біздің жетістіктерімізді көре алмайтын адамдар аз емес. Олар, тіпті, біздің елімізге ақпараттық шабуыл да ұйымдастырады. Оның бәрін көріп отырмыз. Міне, біз елге қатер төндіретін осындай теріс үрдістердің де бар екенін ұмытпауымыз керек.Қасым-Жомарт Тоқаев

Cөз соңында президент осындай жағдайда бүкіл ұлт болып ұйысып, бірігуге шақырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: