Тоқаев шетелдік ғылыми ұйымдардың басшыларымен кездесті

Шетелдік ғылыми ұйымдардың басшылары, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2022 19:40 Сурет: akorda.kz
Президент Chioda Technol Corp (Жапония) компаниясының президенті Атару Иноуимен, Лауэ-Ланжевен институтының (Франция) аға ғылыми қызметкері Валерий Несвижевскиймен және Біріккен ядролық зерттеулер институтының (Ресей) директоры Григорий Трубниковпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz

Кездесуде Қазақстанның ядролық ғылым саласын дамыту перспективалары талқыланды. Шетелдік ғылыми ұйымдардың басшылары қазақстан тарабымен тығыз ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты, делінген Ақорда хабарламасында.

Президент еліміздің атом энергиясын тек қана бейбіт мақсатта пайдалануды жақтайтынын айтты. Оның айтуынша, Қазақстан табиғи уран өндіруден әлемде бірінші орында тұр және ядролық отын түрлерін өзі өндіреді. Елімізде ядролық саланы ғылыми-техникалық тұрғыда қолдай алатын ғылыми мекемелер мен инфрақұрылым бар.

Әңгімелесу барысында олар Қазақстанда атом энергетикасын дамыту, заманауи ядролық технологияларды пайдалану, отандық білікті кадрларды даярлау мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: