Тоқаев үкіметке Павлодардың суармалы алқаптарына бөлінетін қаржыны көбейтуді тапсырды
Сурет: akorda.kz
Президенттің айтуынша, Павлодар өңірі үшін Ертістің орасан зор маңызы бар. Бұл өзен – осы өлкенің тұрғындары, кәсіпорындары және ауыл шаруашылығы үшін негізгі тіршілік көзі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үкіметке өңірдің суармалы алқаптарына бөлінетін қаржыны көбейтуді тапсырамын. Бұл азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан ғана емес, халықты жұмыспен қамту үшін де өте маңызды. Судың тапшылығы экономиканы дамытуға кедергі келтіреді. Сондықтан Ертістің суын тиімді, үнемді пайдалануға айрықша мән берілуі керек, - деді президент Павлодан жұртымен кездесуде.
Мемлекет басшысының сөзінше, кейінгі үш жылда облыста суармалы жердің көлемі 1,5 есе артты. Алдағы уақытта оны тағы 2 есеге, яғни, 300 мың гектарға дейін ұлғайту қажет. Облыс әкімдігі осы мәселеге баса назар аударуға тиіс деді ол.
Үш жылда ауылдағы ағайынды таза сумен қамту көрсеткіші 55-тен 94%-ға дейін өсті. Биыл аймақта осындай 19 жоба жүзеге асырылып жатыр. Әкімдік келесі жылы құны 14 миллиард теңге болатын тағы 39 жобаны қолға алуды ұсынып отыр. Осыған орай үкіметке қаржы бөлуді тапсырамын.Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент былтырғы Жолдауында 5 жылдың ішінде қалалар мен ауылдарды 100% сумен қамтамасыз етуді тапсырғанын еске салды. Үкімет осы міндеттің орындалуын ерекше бақылауға алуы керек екенін қоса кетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript