Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Стратегиялық серіктестік, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2022 19:00 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер көшбасшыларының бейресми кездесуіне Қазақстан Президентімен қатар Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты, делінген Ақорда хабарламасында.

Жиын барысында ТМД елдерінің басшылары Ұйым қызметінің басым бағыттарын, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту жөніндегі жоспарды талқылады.

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді мерейтойымен құттықтап, оның Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: