Тоқаев Еуропалық комиссия президентімен кездесу өткізді

Еуропалық комиссия президентімен кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 19:32 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйенмен бейнебайланыс форматында кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланды. Сауда-экономика, инвестиция және көлік-логистика салаларындағы өзара іс-әрекеттерге ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Урсула фон дер Ляйен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: