Қасым-Жомарт Тоқаев судьяларға қатысты кадрлық өзгеріс жасады
Құжатқа сәйкес, Астана қаласы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына Бекетов Марлен Мәлімгерейұлы, Ақтөбе қалалық сотына Омарова Марал Мырзахметқызы судья болып тағайындалды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірқатар судьяларды қызметінен босатты:
Қостанай облыстық сотының төрағасы Смолин Анатолий Сергеевичті отставкаға кетуіне байланысты;
Астана қаласы бойынша Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қабиденова Динара Хәкімқызын басқа жұмысқа ауысуына байланысты;
Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әлқожаев Қыдырбек Қорғанбекұлын қайтыс болуына байланысты;
Алматы қаласы Бостандық ауданы № 2 аудандық сотының судьясы Сырлыбаев Қанат Қадырұлын Қазылар алқасының шешімі бойынша тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін;
Қызылорда облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Бекмәмбетов Ғалымжан Бақытұлын Қазылар алқасының шешімі бойынша тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.