Парижде Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
![Тоқаев Францияда, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2022 17:19](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-2b9ea100-7811-49bc-8214-5840b9c41e57/800x451.webp)
Рәсім алдында мемлекет басшысы Франция Республикасының туына ілтипат көрсетті. Әскери оркестр екі елдің мемлекеттік әнұранын орындады, деп хабарлады Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Францияға ресми сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты Парижде салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Президент рәсім алдында Францияның туына ілтипат көрсетті.
Содан кейін президент Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының ісі жөніндегі министр-делегат Оливье Бештпен бірге сап түзеп тұрған Құрмет қарауылы ротасының алдынан жүріп өтті.
![Тоқаев Францияда, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2022 17:19](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-93a5a462-7308-410e-b8e7-71519fcd9a22/800x451.webp)
Сурет: akorda.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript